Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көпшіліктің сұрауы бойынша": Димаш Құдайберген Астанада тағы да концерт бермек

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген бас қалада тағы да концерт береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Айта кетейік, Stranger атты шоудың билеттері сатылымға шыққан күні-ақ жаппай сатылып кеткен. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамын жанкүйерлері алып үлгерген. 

 "Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер Small, Spar желілері", –  деп жазған еді әнші. 



Көп ұзамай өнер иесі көпшіліктің сұрауы бойынша тағы да концерт өтетінін хабарлады.

“Достар! Астанада көпшіліктің сұрауы бойынша 14 қыркүйекте ASTANA ARENA стадионында өтетін қосымша концертімді ресми түрде хабарлаймын. Билеттер Ticketon.kz сайтында", – деді Халық әртісі. 

Еске салайық, журналист Гүлбану Әбенова әскери зауытқа барған Димаш Құдайбергенді сынағанын жазған едік. 

 

Талқылау