Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көтерілетін болды

Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын көтеру туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парлемент сенаты бүгін өткен кезекті отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдады.

Аталмыш заң жобасы туралы Парламент депутаттары бастама көтеріпті. 

«Аталған құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Өздеріңізге мәлім, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмілетке толмаған 4 және одан көп балалары бар отбасылар үшін жаңа жәрдемақы енгізілді. Ол отбасының кірісіне қарамастан 42 496 теңгеден бастап 74 388 теңгеге дейінгі сомада тағайындалады. Көпбалалы отбасындағы балалардың жәрдемақы алу құқықтарына нұқсан келтіруді болғызбау мақсатында заң жобасында 8 және одан көп балаларға арналған жәрдемақының мөлшерін төрт айлық есептік көрсеткіштен, әрбір кейінгі балаға 10 мың теңгеден астам белгілеу ұсынылып отыр», - дейді мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина.

Жаңа заңға сәйкес енді сегіз баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 84 832 теңгені, тоғыз балаға – 95 436 теңгені, он балаға – 106 мың теңгені, сондай-ақ одан кейінгі әр балаға төрт айлық есептік көрсеткішті құрайтын болды.

Депутаттың айтуынша, бүгінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына қарағанда, елімізде 8-15 баласы бар 2 451 отбасы тіркелген екен. 

 

Талқылау
Пікір
Шынар
09 Мам, 20 жыл - 18:05

Маған үйге тіркемей жатыр. Неге қинайды. Барар жерім жоқ

Шынар
09 Мам, 20 жыл - 18:03

50 000тг неге берілмейді. Мен көп балалы анамын.

Balausa
04 Мам, 20 жыл - 23:51

Кобейтип ЖАТЫР деп ауыз толтырып айтасыздар. Кобейгени 3563 тенге ма ? Ол Кай жыртыкка жамау болады?

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр