Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп күткен арманым": Актер Қайрат Әділгерей әйеліне көлік сыйлады

Белгілі актер, дубляж саласының үздігі Қайрат Әділгерей әйелі Бақыт Тұрманға су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Актердың айтуынша, әйелінің таңдауы ең қымбат машинаға түсіпті.

“Қайырлы күн, достар! Көптен күткен арманымыз орындалып тұр. Бақытқа автокөлік сыйлап жатырмын. Өзінің ұнатқан машинасын алып беріп жатырмын. Бұл күн біз үшін қол жетпестей арман болатын. Осындай қуанышты күнге біз де жеттік. Игілігіңе мін. Былтыр алғымыз келген еді, онымен реті келмей, сәті түспеді”, – деп жазды актер. 

Су жаңа көлікке ие болған актердың жұбайы, әнші Бақыт Тұрман да әсерін бөлісті.

“Көлігімді айдап, түсірілімге кеттім. Машинаның іші қатты ұнады. Анар жемісі түстес, жаңа топтама екен. Қатты армандап күткен машинама бүгін қолым жетті. Рақмет, отағасы”, – деп қуанышын жасыра алмады. 

Еске салайық, жақында өнерлі жұп құны 150 миллион теңге тұратын баспана сатып алғанын жазған болатынбыз.

 

Талқылау