Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп адам құрбан болады": Илон Маск Марсты адамзаттың қалай игеретінін айтты

Марсты зерттеу барысында адамзат Қызыл ғаламшарға сапар шегетін алғашқы еріктілердің өмірімен құрбан етуі керек болады. Бұл туралы инновацияны қолдаумен айналысатын Xprize қорына берген сұхбатында американдық SpaceX компаниясының басшысы Элон Маск мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Марсқа жету "оңай емес" екенін айтып, осы жолда бірқатар адамдар құрбан болатынын ашып айтты. Сонымен бірге, ол жобаға тек еріктілер қатысатынын және олардың қазірдің өзінде көп екенін атап өтті.

"Шындығына келсек, бастапқыда өте көп адам қайтыс болады. Себебі оған жету оңай емес", - деді ол.

Маск Марсты зерттеуге тек еріктілер жіберілетінін айтты. Айтуынша, мұндай экспедицияға қатысқысы келетіндердің қарасы көп.

Кәсіпкердің айтуынша, оларды "керемет саяхат" және "тамаша тәжірибе" күтіп тұр.

"Иә, өліп кету қауіпі жоғары. Ыңғайсыз болады, тамақ сапасы да өте жақсы болмауы мүмкін. Егер сізді қиын және қауіпті, бірақ қызықты сапар қызықтырса, онда Марс дәл осы үшін ең қолайлы жер", - деп қорытындылады Маск.

SpaceX негізін қалаушысының пікірінше, басқа ғаламшарлар сияқты, Марсты жаулау да адамзаттың аман қалуы үшін қажет.

Талқылау