Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын

Соңғы уақытта халықты  Қоңыр» тобының бұрынғы әншісі Жазиа Қошанова өнері емес, өмірі қызықтырып жүр.

“Адамның ойы жүйрік қой. Адам жақсы нәрсені емес, бірінші жаман нәрсені ойлайды”, – дейді әнші.

Осыдан бір жыл бұрын Жазира Малайзия еліне сүйіктісінің шақыртуымен барады. Қырғыздың модель жігітімен бас қосу үшін Жазира «Қоңыр» тобымен де қош айтысады, деп хабарлайды 31 арна.

“Мені жігітім шақырғаннан кейін мен бардым. Көрдім, мен де ақымақ адам емеспін. Сол Малайзия еліне барған күннен бастап ол кісі бөлек пәтерде, мен бөлек пәтерде тұрдым. Екеуміз бірге тұрған жоқпыз”, – дейді әнші Жазира Қошанова.

Әнші әйел бақытын іздеп шетелге барғанына еш өкінбейді. Бірақ, жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын дейді. Қырғыз жігітімен келіскендей ол жақта бір-бірін танып білу үшін, бірге жұмыс жасау үшін ғана аттанған көрінеді. Модель жігіт Жазираға үйленіп, үй болуға бас кезінде уәде бермеген.

“Сонымен қатар модель ретінде өзімді сынауға да бардым”, – дейді Жазира.

Сегіз ай бойы бірге жұмыс істеп, бірге қол ұстасып жүрген Жазира ақыр соңында жігітпен мінездері жараспайтындарын түсінеді. Махаббаты сәтсіз аяқталған соң Жазира елге оралады. Бірақ, оның өзіндік себебі де бар.

“Елге жігітімнің қарым-қатынасынан келген жоқпын. Елге мен ата-анамды сағындым. Болашақта модель ретінде Корей еліне барайын деп жатырмын. Соған дайындалып жатырмын”, – дейді әнші.

Халық ішінде Жазираның жеке басына қатысты жағымсыз қауесеттің тарауы әншінің ата-анасына да оңай тимей жатыр екен.

“Ең бастысы Алланың алдында, сіздердің алдарыңызда тазамын ғой. Не үшін уайымдайсыздар. Айтатын жұрт сен жақсы болсаң да айтады”, – дейді әнші.

Тағы да оқыңыз:

Әнші Мұқасан Шахзадаев төртінші рет әке атанды

Жасырын үйленіп алған ба: Тәуекел Мүслім мен Жанар Дұғалованың үйлену тойының суреті пайда болды (фото)

Ерке Есмахан мен Әли Байжұматтың арасында не бар? (фото)

Ең талантты әрі сұлу әнші: Қазақстандық қыз Ресейді мойындатты

Талқылау