Конор Макгрегордың менеджерімен келісімшартқа отырған бразилиялық қарсыласын нокаутпен ұтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Әліби Ыдырыс Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірігіп өткізген турнирде нокаут жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында ғана әлемге әйгілі спортшы Конор Макгрегордың спорттағы ісін жүргізетін менеджерлік компаниямен келісімшартқа отырған Әліби Ыдырыс Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірігіп өткізген турнирде бразилиялық қарсыласын нокаутпен ұтты. Naiza тұжырымы бойынша үш дүркін әлем чемпионы бразилиялық Эдилсон Сантосты (10-2) бірінші раундта тіземен теуіп құлатып, артынша жатқан жерінен тұрғызбай ауыр соққыларының астына алды. Жарқын жеңіске жеткен жауынгердің бұл кездесуін UFC тұжырымының матчмэйкерлері көретіні айтылған еді.
Айта кетейік, Әліби Ыдырыс шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында қарсыластарынан басым түскен. Әлібидің келесі жекпе-жегі UFC тұжырымында өтуі мүмкін.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

