Конор Макгрегордың менеджерімен келісімшартқа отырған спортшы Naiza x Fight Nights турнирінде өнер көрсетеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Әліби Ыдырыс Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірігіп өткізетін турнирде жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлемге әйгілі спортшы Конор Макгрегордың спорттағы ісін жүргізетін менеджерлік компаниямен келісімшартқа отырған Әліби Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірлескен турнирде өнер көрсетеді. Naiza тұжырымы бойынша үш дүркін әлем чемпионы 18 мамыр күні өтетін турнирдің басты жекпе-жектерінің бірінде бразилиялық Эдилсон Сантосқа (10-2) қарсы жұдырықтасады. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын, жеңіліп көрмеген Әліби шаршы алаңдағы оныншы жекпе-жегін өткізеді.
Айта кетейік, Naiza мен Fight Nights тұжырымдары бірлескен турнирде үш бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Кештің басты жекпе-жегінде Фаниль "Ноғай" Рафиков (22-7) пен Нариман "Байрақтар" Аббасов (29-5) арнайы Naiza мен Fight Nights біріккен белбеуі үшін жұдырықтасады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

