Конор Макгрегор жол жүру ережесін бұзғаны үшін қамауға алынды
Конор МакГрегор кепілге босатылып, сәуір айында болатын сотты күтуде. Бұған дейін ол жылдамдықты асырғаны үшін 400 еуро көлемінде айыппұл төлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор жол жүру ережесін бұзғаны үшін қамауға алынды. Оның Bentley көлігін де уақытша тәркілеген.
Боксшы кепілдікпен босатылды және сәуір айында өтетін сотты күтуде. Ол осыған дейін 2017 жылы жылдамдықты асырғаны үшін 400 еуро айыппұл төлеп, сотты болған.
МакГрегор соңғы рет 10 шілдеден 11 шілдеге қараған түні аралас жекпе-жектен UFC 264 турнирінде жұдырықтасты.
Негізгі сайыста Конор жеңіл салмақтағы АҚШ-тың бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порьемен кездесті. Порье бірінші раундта жеңіске жетті.
Макгрегор сатылымға шыққан "Челси" футбол клубы үшін өз бағасын ұсынды
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды