Макгрегор сатылымға шыққан "Челси" футбол клубы үшін өз бағасын ұсынды
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы, ирландиялық файтер Конор МакГрегор Роман Абрамовичтің "Челси" футбол клубын сату туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ағылшындық клубтың иесі, ресейлік кәсіпкер 2003 жылдан бері иелік еткен активін сатуға қойғанын мәлімдеген.
МакГрегор Абрамовичтің "Челсиді" үш миллиард фунтқа сатуға дайын екендігі туралы Twitter-дегі жазбасына сілтеме берді.
"Мен 1,5 миллиард фунт стерлингтік ұсынысымды айтамын", - деп жазды ирландиялық спортшы.
Айта кетейік, МакГрегордың соңғы жекпе-жегі UFC 264 турнирінде өтті, онда негізгі жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Дастин Порьемен екеуінің арасында өтті. Макгрегор аяғын сындырып алған соң америкалық спортшы бірінші раундта жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ресейлік кәсіпкер және "Челсидің" қожайыны Роман Абрамовичтің футбол клубын сатуға қойғанын хабарлаған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”