Ортақ көңілдестерін жазалаған әйелдер оны орманда тыржалаңаш күйінде қалдырып кеткен
Франкфурта-на-Одере аймағының соты бұрынғы ортақ көңілдестерін орман ішінде тыржалаңаш қалдырып кеткен екі әйелді шартты түрде бас бостандықтарынан айырды.

Бұл туралы Spiegel басылымы хабарлайды.
Оқиға 2015 жылдың наурыз айында болған. Екі әйел мен үш бұзақы бірігіп 44 жастағы ер адамды орманда тыржалаңаш күйінде қалдырып кеткен. Орманға жеткенге дейін ер адамның 39 жастағы экс әйелі мен 37 жастағы экс көңілдесі оны ұрып-соққан.
Әйел адамдар сот барысында ер адамның өздерін аңдып, маза бермегенін айтқан. Сол себепті, осындай әдіспен одан арылуды жөн көріпті. Сот жәбірленушінің бұрынғы әйелін бір жыл бес айға, ал көңілдесін шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырды. Екі әйел де айыппұл ретінде екі мың еуро көлемінде айыппұл төлейді.
Жіберіп алмаңыз:
Туған анасына тұрмысқа шыққан әйел сотталды
БҚО-да полицейдің адамдарды не себепті ұрып-соққаны белгілі болды
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"