Конгресс Джо Байденді АҚШ президенті деп бекітті
АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент болып сайлануын мақұлдады.
Демократиялық партиядан үміткер толқулар мен коменданттық сағаттар жағдайында 270-тен астам конгресстегі сайлаушылар дауысын алды.
Конгресстегі сайлаушылардың дауысын мақұлдау президент сайлауы нәтижелеріне кез келген қарсы тұрудың конституциялық мүмкіндіктерін ақыры жауып тастайтындығы баса айтылды.
Трамп билікті сабырлы түрде беруге уәде берді.
"Мен сайлау нәтижелерімен мүлдем келіспесем де, биліктің ауысуы 20 қаңтарда тиісті түрде жүзеге асырылады", - деді Трамп.
Еске салайық, бір күн бұрын Вашингтонда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийді бұзып кіріп, сайлау нәтижелерін бекіту процедурасын тоқтатқан болатын. Наразылық кезінде 4 адам қаза болды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады