Қонаев пен Хо Ши Миннің Алматыда түскен архивтік суреті пайда болды
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дінмұхамед Қонаев пен Қаныш Сәтбаевтың Вьетнам ұлттық көшбасшысы Хо Ши Минмен Алматыдағы кездесуі кезінде түскен архивтік фотосуреттерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суретте Хо Ши Миннің келуі, Қонаев пен бірге аймақты аралаған сәттері бейнеленген.
"1959. Алматы. Вьетнам президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапары. Дінмұхамед Қонаевпен және Қаныш Сәтбаевпен кездесуден естелік суреттер", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы.




Еске салсақ, 20 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барғанын хабарлаған болатынбыз.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық