Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға екі күндік сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Aqorda Telegram арнасынан алынған
Ел президенті бұл сапарында екі ел байланысын, ынтымақтастықты нығайтуды дамытуды талқыламақ.
“Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланбақ”, – делінген хабарламада.
Одан бөлек, баспасөз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізетіні жоспарланғанын атап өтті.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады