Композитор Арман Қайназаров өмірден өтті деген ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде ақын, композитор Арман Қайназаровтың дүниеден өткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Адырна” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сазгердің неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ. Facebook қолданушыларының айтуынша, Арман Қайназаров “Шаңырақ” ықшам ауданында “Бақытжан” кафесінде соққыға жығылған.
Бұған дейін көптеген танымал қазақ әндерінің авторы Арман Қайназаровтың үйсіз-күйсіз жүргені белгілі болған еді. Кейін сазгерге көмек қолын созған жандар да табылды.
Арман Қайназаров – Ұлықпан Жолдасов, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әншілердің орындауындағы әндердің авторы.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған