Ақмола облысында жұмысшыны комбайн белдігі орап әкеткен
Ақмола облысында егіс алқабында қаза болған комбайн жүргізушісінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жарқайың ауданы аумағындағы егіс алқабында болған.
Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде "Енисей" комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
“Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген ПД хабарламасында.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық