Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колумбияда ұшақ апатынан аман қалған төрт балақай джунглиде 17 күн өткізген

Колумбияда ұшақ джунглиде құлағаннан кейін 17 күннен кейін сарбаздар төрт баланы тірідей тапты. Бұл апаттан анасы мен ұшақ ұшқышы қаза тапқан. Ал 13, 9, 4 жасар және 11 айлық сәби аман қалып, джунглиде 17 күн өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Semana.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

1 мамырда елдің оңтүстігіндегі Какета департаментінде Араракуарадан Сан-Хосе-дель-Гавиареге ұшып бара жатқан Cessna 206 ұшағы қозғалтқышының істен шыққанын хабарлап,  апаттық сигнал берген. Көп ұзамай ұашақ радардан жоғалып кеткен. Ауа райының қолайсыздығы мен жер бедерінің қиындығына қарай ұшақ 16 күннен астам іздестірілген.  

Сарбаздар 16 мамырда ұшақты тапқанда кабинадан ұшқыш пен екі әйелдің мәйіттерін тапты. Ал бортта болған төрт бала кабинадан да, кеменің жанында да жоқ болды.

Сарбаздар ұшақ құлаған жердің жанынан аяқ іздері, қайшы және сөмке тауып, іздеу жұмыстарын жалғастырды. Оларға еріктілер, сондай-ақ арнайы үйретілген иттері бар кинологтар қосылып, көмектесті. 

Ауа-райының қолайсыздығына және басқа да қиындықтарға қарамастан, адамдар аймақты жан-жақты тінтіп, аман қалған балаларды тапты.

Президент Густаво Петр жергілікті БАҚ эфирінде қуанышты жаңалықпен бөлісті.

"Біздің қарулы күштеріміз жүргізген қарқынды іздеу жұмыстарынан кейін біз Гуавиарадағы ұшақ апаты салдарынан із-түзсіз жоғалған төрт баланы тірідей таптық. Бұл бүкіл ел үшін қуаныш", - деп жазды Петр өзінің Twitter блогында.

Жергілікті тұрғындар мұның нағыз ғажайып екенін айтты. Себебі Джунглиде екі аптаға жуық өмір сүру балалар түгілі ересек адам үшін де екіталай жағдай.

Талқылау