Қолтырауын өзен жағасында дәрет сындырмақ болған ер адамды жеп қойды
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында қолтырауын 20 жастағы ер адамды жеп қойды. Ол өзен жағасында дәрет сындырмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Қолтырауынның шабуылынан Дипу есімді ер адам мерт болды. Ол Катарниагхат қорығы маңында тұратын туыстарының үйіне қонаққа келген. Қайғылы оқиға болар күні Дипу немере ағасымен өзен жағасына барған. Кенеттен тап берген қолтырауын жігітті су астына тартып алып кеткен.
Көмекке келген ауыл тұрғындары Дипуды да, қолтырауынды да байқамаған. Ағыс қатты болғандықтан және тағы бір қолтырауынның шабуыл жасауынан қорыққан тұрғындар суға түспеген. Көмекке келген сүңгуірлер де су деңгейінің төмендеуін күткен.
Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін полиция мен орман қоры департаментінің өкілдері жергілікті ирригация департаментіне өтініш білдіріп, мәйіт табылғанша өзенге су жібермеуді сұраған.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар