Қолтырауын көлде шомылған баланы талап өлтірді
Шри-Ланкада көлге шомылған 15 жастағы бала қолтырауынға жем болды. Оқиға оның достарының көз алдында болды. Бұл туралы Daily Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 сәуір күні үш оқушы Манерува көлінде шомылмақ болған. Олар суда жүрген кезінде қолтырауын пайда болып, балалардың бірін су астына алып, талады. Марқұмның денесі тек келесі күні таңертең табылды.
Басылымның хабарлауынша, бала жергілікті мектептердің бірінде жоғарғы сыныпта оқыған.
2021 жылдың наурыз айында Шри-Ланкада қолтырауын суқоймада шомылып жүрген жасөспірімді талады. Ол кезде де жас бала достарының көз алдында бақиға аттанған.
Ойнап жүрген балалар қазақстандықтың қымбат iPhone-ын доппен теуіп сындырып алған: Өтемақы мәселесі жанжалға ұласты
Біреудің мүлкін сындырған баланың анасы ақысын төлеуден бас тартқан.
"Тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға уақыт шектеулі": Үш баласы да АҚШ-қа оқуға түскен қазақстандық әке балаларын қалай тәрбиелегенін айтты
Ол бала тәрбиесінде 15 қағиданы ұстанған