Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзінің кім екенін білмей қала ма деп қорықтым": Анасы Киевтен қашқан қыздың арқасына атын және өзге мәліметтерді жазып жіберген

Әлеуметтік желіде Киевтен қашқан кішкентай қыздың суреті жарияланды. Қыздың арқасына ата-анасы аты мен туған күнін, телефон нөмірін жазып жіберген. Анасы мұны жақындары қаза тапқан жағдайда қыз өзінің кім екенін білуі үшін жасаған. Қазір кішкентай Вера Маковий Францияда. Баланың өзі де, анасы да аман-есен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

қыз

Соғыстың алғашқы күндері Саша Маковий қызынан айырылып қалудан қорыққан. Сондықтан Киевтен кетер алдында ол қызы Вераның арқасына толық мәліметті жазып қойған. 

33 жастағы әйел Францияға аман-есен жеткен. Қазір қызы Вераның жағдайы жақсы екенін айтады. 

"Тым болмаса анасының аккаунтын табады"

Саша Маковий Киевтен қашатын кезде далаға шығудың қаншалықты қауіпсіз екенін түсінбегенін айтады. Өйткені үнемі жарылыстар болған әрі сырттағы жағдай туралы ақпарат мүлде аз болды дейді. 

"Бәрінен бұрын Вера адасып кетеді немесе біз қаза табамыз деген үрей болды. Ол тіпті өзінің кім екенін, қандай отбасыдан шыққанын да білмей қалатын еді", – дейді Саша Маковий. 

Осы себепті ол өзі және жақын туыстарының барлығы қаза тапқан жағдайда, қызы тым болмаса ата-анасының аккаунтын тауып, суретін көрсін деген ойға келген. 

Францияға жету үшін олар Молдова, Румыния, Бельгияның шекарасын кесіп өткен. Саша Маковийдің айтуынша, әлі де психологиялық тұрғыдан айыға алмаған. Тіпті далаға шығудың өзі қорқынышты дейді. 

"Вераның жағдайы жақсы. Әлі кішкентай ғой, не болып жатқанын түсінбейді. Қауіпті сезгенімен, толық түсінбейді. Сондықтан кішкентай екеніне қуанамын", – деп қосты ол. 

Талқылау