Көлсай көлдері карантин аяқталғанға дейін жабылды
Алматы облысында Көлсай көлдері карантин аяқталғанға дейін жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін күшейтілген карантиндік шаралар аяқталғанға дейін ұлттық саябақтарға, танымал туристік және таулы жерлерге (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан және т.б.) кіруге көліктің кез-келген түріне тыйым салынады деп хабарланған болатын.
Жаяу серуендеуге және велосипедпен жүруге тек жұмыс күндері, келесі ережелерді сақтай отырып рұқсат етіледі:
- тамақ (сусындардан басқа) әкелуге, ойын-сауық жасауға және от жағуға тыйым салынады;
- саябаққа үш адамнан көп адамдар кіруге тыйым салынады;
- санитарлық және әлеуметтік алыстау стандарттарын сақтаңыз (маскалар киіңіз және адамдар арасындағы қашықтықты сақтаңыз).
Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты