"Қолмен тігілген шапан сыйлады": Илон Масктың анасы Мэй Маск еліміздегі сапарынан алған әсерін бөлісті
Танымал инженер, миллиардер Илон Масктың анасы модель, диетолог 76 жастағы Мэй Маск Алматыға келіп, бизнес форумнан алған әсерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/mayemusk
Әйгілі модель Орталық Азия әйелдерінің форумына арнайы шақырылған еді.
"Бизнес форумға спикер болып қатысқаныма қуаныштымын. Арнайы шақырған ұйымдастырушы ханымдарға рақмет. Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым. Әдемі қолмен тігілген шапан сыйлады. Сұлулық пен табысқа қатысты кеңесімді бердім", – деп жазды Мэй Маск.
Айта кетейік, Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Ол тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тілегенін жазған едік.
“Қазақстан туралы ештеңе білмеппін. Бірақ мен шытырман оқиғаларды ұнатамын. Жаңа адамдарды, жаңа мәдениетті зерттегенді жақсы көремін. Ел қатты таңғалдырды”, – деп әсерін бөліскен еді әйгілі инженердің анасы.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын