Қайсысы тиімді: Қолма-қол несие ме әлде несие картасы ма
Банк өнімдерінің дамуы арқасында тұрғындардың қаржы мәселесін шешу жолдары да артып келеді. Көптеген азаматтар әртүрлі мақсатта қолма-қол несиені де, несие карталарын пайдаланады. Осыған орай, “Қолма-қол несие тиімді ме әлде несие картасы ма?” деген сұрақ туындайды. Бүгінгі мақаламызда ВТБ Банкпен (Қазақстан) бірге осы сұраққа жауап іздейтін боламыз.
Қолма-қол несие немесе несие картасын рәсімдемес бұрын, алдымен банктің бұл өнімдерінің ара-жігін ажыратып алған жөн. Өйткені олардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтары жетерлік. Несие мен несие картасына ортақ дүние екі жағдайда да ақша банктен белгілі бір мерзімге пайызбен қарызға алынады. Тарифтер, шарт бойынша талаптар және олар орындалмаған жағдайда салынатын айыппұлдар да қарастырылған.
Несие
Несие кез келген мақсат үшін беріледі. Несие аларда банк өкілдері клиенттен ақшаны қайда жұмсайтынын сұрайды және соған байланысты несие түрін ұсынады.
Несиенің негізгі түрлері:
- тұтынушылық (мысалы, тұрмыстық техниканы сатып алу үшін);
- ипотекалық (пәтер немесе үй сатып алу үшін);
- қолма-қол.
Несие белгілі бір мерзімге беріледі, кей жағдайда банк пен қарыз алушының өзара келісімімен бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Егер келісімшартта несиенің пайыздық мөлшерлемесі ауыспалы екені көрсетілсе, ол да өзгеріп отырады.
Кейде несиені рәсімдеу немесе қарызды қайтару кезінде қосымша төлемдер мен комиссия ұсталады. Бұл өз кезегінде қарыз сомасын арттырып, шығындарды есепке алғандағы тиімді пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуына әсер етеді. Дегенмен пайыздық мөлшерлеме әрқашан несие келісімшартында нақты көрсетіледі. Сондықтан қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығу керек.
Несиені қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде рәсімдеуге болады. Ең жиі рәсімделетін тұтынушылық несие алғанда азаматтың қолына ақша емес, қажетті тауар табысталады. Яғни, бұл тұрғыда банк клиентпен несие келісімшартына қол қойып, қажетті соманы дүкеннің өзіне тікелей аударады.
Ең маңыздысы, қарыз алушының қолына түсетін қаржы сомасын банк қатаң түрде қадағалайды. Несиегердің қолына бұл қаражат түскеннен кейін ол қарызы бойынша пайызын өтей бастайды.
Несие тарихын құртып алмас үшін ай сайынғы төлемді көрсетілген күнге дейін уақытылы төлеп отыру шарт. Мүмкін болса, несие бойынша айлық төлемді уақыты келгенде дейін екі-үш күн бұрын төлеп отырған дұрыс.
Айта кетсек, ВТБ Банкте (Қазақстан) кез келген мақсатқа арналған 6 000 000 теңгеге дейін қолма-қол несие ұсынады және клиентке қарызды не үшін алып жатқанын көрсету міндетті емес. Сыйақы мөлшерлемесі 15%-ға жететін (ЖТСМ 16,1%-дан бастап) бұл несиені 84 айға дейін рәсімдеуге болады. Несие алу үшін кепілдік талап етілмейді және қарызды ұйымдастыруға комиссия ұсталмайды. 22 жастан асқан еліміздің кез келген азаматы несиеге өтініш бере алады. Толық ақпаратты ВТБ Банк (Қазақстан) сайтынан білуге болады.
Несие картасы
Несие картасы – несиенің “жеңіл” түрі. Бұл өнім клиентке жалақы түскенге дейін кішігірім немесе үлкен сауда жасай отырып, картадағы ақшаны өз қалауы бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Несие картасында қарыз лимиті болады.
Клиент несие картасымен жұмсаған соманы ғана өтейді. Ал егер картадағы қаражат жұмсалмаса, онда ешнәрсе төлеудің қажеті жоқ.
Ең тиімдісі, мұндай карта арқылы рәсімделген несие үшін артық төлем төлеудің қажет емес. Себебі әрбір несие картасында жеңілдік кезеңі деп аталатын мерзім бар. Ол әдетте 30-дан 90 күнге дейін жетеді. Егер сіз карта бойынша қарызды мерзімінен бұрын өтей алсаңыз, онда банк несиелік ақшаны пайдаланғаны үшін сізден пайыз ұстамайды. Ал егер қарыз әрқашан уақытында өтелсе, онда несие картасын артық төлем төлемей-ақ шексіз рет пайдалануға болады. Несие картасы мерзімі біткенге дейін жарамды. Осыдан кейін оны қайта шығаруға және одан әрі пайдалануға болады.
Бір айта кетерлігі, егер клиенттің қаржылық жағдайы банктің күмәнін туғызса, қаржы ұйымы картаның несие лимитін азайтып тастауы мүмкін.
ВТБ Банктің (Қазақстан) несие картасымен 2 000 000 теңгеге дейін зат сатып алуға болады. Несиелендіру мерзімі 36 айға дейін жетеді, бұған қоса 3 айға дейінгі жеңілдік кезеңі бар. Қарызды уақытынан бұрын жапқаны үшін комиссия мен айыппұл салынбайды. Толығырақ ВТБ Банк (Қазақстан) сайтынан оқуға болады.
Қайсысы тиімді: несие мен әлде несие картасы ма?
Жалақыға дейін зат сатып алу қажет болса, онда несие картасын пайдаланған тиімдірек. Себебі егер сіз жеңілдік кезеңінде қарызыңызды өтеп үлгерсеңіз, артық төлем төлемейсіз.
Жөндеу жұмыстары, саяхаттау немесе көлік сатып алу үшін қомақты қаражат қажет болары анық. Осы тұрғыда қолма-қол несие сіздің мәселеңіздің таптырмас шешіміне айналады.