"Көліктер аударылып, ағаштар тамырымен жұлынған": АҚШ-тың Флорида штатында табиғи апат орын алды
АҚШ-тың Флорида штатында күшті торнадо болып, Палм-Бич-Гарденс қаласында көптеген ғимараттар мен көшелерді қиратуға әкеліп соқты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Торнадо тудырған қатты дауыл сенбі күні Флориданың оңтүстігін басып өткен. Қатты торнадо көліктерді аударып, ағаштарды тамырымен жұлып, ғимараттарды қиратты. Табиғи апат салдарынан жергілікті тұрғындардың бір бөлігі жарықсыз қалды.
Жойқын торнадо салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір жағалаудағы қалада жойқын желдің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.
"Өзімнен 5 жас үлкен әйел мені асырағысы келді": Актер Олжас Тоғымбет жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді
Көрермен менен қорқып, жиіркеніп отырды
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар