Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікте қонып жүр: Ақтөбеде сот алты адамнан тұратын отбасыны пәтерден шығармақ

Қараша айының басында Ақтөбеде отбасын ұзақ жылдар бойы ақшасын төлеп келген пәтерінен шығарылуы мүмкін екені туралы айтылған. Жақында сот ерлі-зайыпты Цыбаға қатысты үйді босату туралы үкім шығарды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Цыба

Сергей Цыбаның айтуынша, оларды 28 қарашада пәтерден шығарып жіберген.

“Әйелім екеуміз көшіп кеттік. Балаларымыз әлі үйде. Мен өз үйіме кіре алмаймын. Осы күндері мен көлігімде тұрып келдім. Таңертең жұмыстамын, ал кешкісін – көлікте. Бірақ үйден алыстап кетпеймін. Бірнәрсе бола қалса балаларыма көмектесу үшін. Келінім маған тамақ алып шығып береді. Әйелім Мартукте туыстарының үйінде. Біз барлық құжатымызды Астанаға өткіздік. Жоғарғы сот бізге көмек көрсетеді деп үміттенеміз. Қазір алтауымыздың барар жеріміз жоқ, оның үстіне келінімнің аяғы ауыр”, – дейді отбасының отағасы.



Қазір балалар пәтерден шығарылған, адвокат бұл шешіммен келіспей, қарсы шағым түсірген.

Еске салайық, Сергей Цыба осыдан 13 жыл бұрын өзі жұмыс істеген "СпецТрансСтройКомпани" ЖШС-мен 2018 жылға дейін 8 миллион теңгеге бөліп төлеуге пәтер сатып алу және сату ниеті туралы келісім-шартқа отырған. Сергей Цыба пәтердің ақысын төлеп, отбасымен тұрып келген. Бірақ ЖШС директоры Сергей Ширяевке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 2013 жылдың 5 мамырында пәтер тәркіленген. 2014 жылдың қараша айында жеке сот орындаушысы оны басқа компания "РусКазДорСервис" ЖШС меншігіне берген. Сөйтіп, пәтер "РусКазДорСервис" ЖШС-нің міндеттемелері бойынша Халық банкінің кепіліне қойылған. Ал "СпецТрансСтройКомпани" компаниясы 2017 жылдан бері белсенді емес деп танылды. "РусКазДорСервис" ЖШС банкроттық жөніндегі менеджері үйден шығару туралы талап арызбен жүгінған. Соттар басталып, Цыбалар отбасы соңғы сотта жеңіліп қалды.

Талқылау