Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігін ағызып, сақтандыру ақысын алмақшы болған қытайлық суға тұншығып қайтыс болды

Қытайдың  Выньлин қаласында ауқатты кәсіпкер қымбат көлігінің сақтандыру ақысын алу үшін оны суға ағызып жібермекші болған. Бірақ көлік батқан суға оның өзі де тұншығып өлді.

Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Ер адам  Jaguar көлігін сатқанша, сақтандыру ақысын өндіріп алған дұрыс деп түсінген. Ол көлікті 5 жыл бұрынсатып алып 500 мың юань ға(25 миллион теңге шамасында) сақтандырып қойған екен. Ал тура осы көліктің құны базарда 400 мың юань шамасында ( 20 миллион теңге). 5 миллион теңге ақшаны желге ұшырмауды ойлаған кәсіпкер көлікті суға түсіріп ақысын алып алмақшы болған.

Ер адам танысымен бірге көлікті өзенге жүргізіп келеді. Танысы екеуі көлікке отырып машинаны суға түсіреді. Кәсіпкердің құрбысы жағалауға шығып көлік иесін тосқан. Бірақ ол ұзақ уақыт бойы шықпай кеткен.

Жігіт шықпай қойғаннан кейін қыз сол маңдағылардан көмек сұрай бастайды. Мәлім болғандай ер адам суға батқан көліктің ішінде қамалып қалған. Адамдар жабылып жүріп кәсіпкерді шығарып, жедел жәрдем шақырған. Бірақ ол кезде ер адам жан тапсырып үлгерген екен.

Келісім бойынша қыз рөлде болғанын айтып, осы оқиғаға тап болғанын мойындауы керек болған.Көлік иесі қыздың сөзіне полиция мен сақтандыру компаниясының өкілдері сенеді деп түсінген.  Бірақ полиция оның

телефоны мен біраз киімінің неге құрғақ екенін сұрап тұрып алған. Ол сұраққа жауап бере алмаған қыз жол көлік оқиғасының жоспарланғанын айтып қойған.

Оқи отырыңыз:

Алтынай Жорабаеваның қыздары сұлулығымен жұртты таңдай қақтырды (фото)

Нағима Есентаева абақтыда жатқан ағасынан сый келгенін айтып, көзіне жас алды

Атақты Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

 

 

 

Талқылау