Көлеңкелі экспорт кесірінен Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін – Энергетика министрі
ҚР Энергетика министрі БолатАқшолақовтың мәліметі бойынша, көлеңкелі экспорт сұйытылған газ бағасын қымбаттатуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекеттік органдар тарапынан бөлшек сауда бағаларын реттеу тетігінің болмауына байланысты сұйытылған мұнай газы бағасының өсу тәуекелдері бар. Көлем тапшылығының негізгі себептерінің бірі көлеңкелі экспорт болып табылады. Бұл кейіннен халық үшін сұйытылған мұнай газының жетіспеуіне және бағаның негізсіз өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта министрліктің ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының айналымы мен көлеңкелі экспортқа жедел мониторинг жүргізуге өкілеттігі жоқ", - деді ведомство басшысы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Министр бұл тәуекелдердің алдын алу үшін бірнеше шара қабылданып жатқанын жеткізді.
- көлікке ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне сұйытылған мұнай газын енгізу;
- Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларына бақылау-кассалық машиналардың болуына қойылатын талаптарды күшейту;
- Энергетика министрлігіне фискалдық деректер операторына және сұйытылған мұнай газын тасымалдайтын көліктердің ілеспе жүкқұжаттарына қашықтан қол жеткізуді мүмкіндігін беру.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"