Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар арасында төбелес болды (видео)
Көкшетауда түнгі клубқа келуші әйелдер арасында төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көкшетау қаласының полиция департаментіне медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады.
Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп жатқанда екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-бірін балағаттаған екі қыз артынша төбелесіп қалған.
“Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады