Көкшетауда зират маңында пакетке салынған адам сүйектері табылды
Көкшетауда ескі зират аумағында пакетке салынған адамның сүйектері табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, "Бармашино" шағын ауданындағы аллея маңында, ескі зират аумағында адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары салынған пакет табылғанын айтқан. Тұрғындар пакетті зират аумағын тазарту кезінде көрген.
"Шақырту орнына жедел-тергеу тобы барды. Тексеру кезінде сүйек қалдықтары табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда