Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қыздың отбасына пәтер сыйлады
Жыныс мүшесі дамымай қалған 3 жасар Үміттің отбасы баспаналы болды. Отбасы «Харекет» республикалық қайырымдылық қорының көмегімен қоныс тойын атап өтті.
Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
3 жасар қыздың отбасы тұрғын үй мәртебесін иеленген жатақханаға қоныстанды. Асүй мен дәретханасы 3 отбасына ортақ болғанымен, Үміттің анасы Гүлнар Зейнуллина осыған да қуанышты.
«Бастысы – өз баспанамыз бар. Пәтер жалдап тұруға ақша жұмсамаймыз. Дәріге ақша көп керек қой. Мен қордың қызметкерлеріне және аз уақыт ішінде бізге көмектескен қайырымды жандарға алғыс білдіремін. Бөлме Үміттің атына рәсімделген», – дейді Гүлнара Зейнуллина.
Гүлнара ақпан айында таныстарының кеңесі бойынша «Харекет» қорының көмегіне жүгініпті. Онда әйел өзінің қиын жағдайы туралы айтып, баспанасы жоқ екенін дәлелдейтін қажетті құжаттарды жинаған.
«Маған ақша бар екенін айтты. Оларға құны 1,6 миллион теңге шамасында болатын бөлме іздеп көмектесуім керек болды. Біз барлығы мұншалықты тез болады деп ойламадық. Әрине, бақыттымыз», – дейді Үміттің анасы.
Ал «Харекет» қайырымдылық қоры «Баспана – 1 000 теңгеге» жобасын іске асырып жүр.
«Біздің мақсатымыз – мұқтаж жандарды, жетім-жесірлерді пәтермен немесе жер телімімен қамтамасыз ету. Әр адам 1 000 теңге салып, қор есебін толтыра алады», – дейді қор директоры Алғадай Әбілғазыұлы.
Естеріңізге сала кетсек, Үміт 2015 жылдың мамыр айында дүниеге келген. 3 жасар қыздың жыныс мүшесі дамымай қалған. Диагнозы – артерияның экстрофиясы, анус атрезиясы, қуықтың алдыңғы қабырғасы болмауы, оң бүйрек кішкентай жамбаста орналасқан, жатыры екі бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының бір түтікшесі бар, артқы тесігі (анус) пен қынабы жоқ, бел, сегізкөз аймағында ісік шығуда.
Оқи отырыңыз:
Олимпиада чемпионы сотта «Ағайынды төртеудің» жетекшісін қорғап сөйледі
Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)
Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін
Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді