Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда такси жүргізушісі алты адамнан тұратын отбасын өрттен құтқарып қалды

Көкшетауда такси жүргізушісі алты адамнан тұратын отбасын ажал аузынан аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

24 маусым күні таңертең Көкшетаудағы Ақан сері көшесіндегі жеке үйден өрт шыққан. Өртті алғаш болып сол маңнан өтіп бара жатқан такси жүргізушісі байқаған. Сағынай Шәріпов өртеніп жатқан үйге кіріп, ұйықтап жатқан алты адамды өлімнен арашалап қалды.

Таңертеңгі сағат бес шамасында Сағынай анасын жұмысқа апару үшін көлікпен келе жатқан. Жеке үйден түтін шығып жатқанын байқап, бірден әрекетке көшіпті.


Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды (видео)


"Алғашында қорқынышты болды, ит үріп, маған қарай жүгірді. Мен қоршаудан секіріп, терезелерді қаға бастадым. Сосын қайта көшеге шығып, қақпаны соқтым. Үйден бір ер адам шығып, айқайлай бастады. Мен оған үйінің өртеніп жатқанын айттым. Үйден егде жастағы ер адам мен әйел шықты, сосын жігіт пен тағы екі баланы көрдім", – дейді Сағынай Шәріпов.

Ол оқиға орнына бірден өрт сөндірушілерді шақырған.

Ал жергілікті агрокомпания такси жүргізушінісінің ерлігін бағалап, оған 300 мың теңге сыйақы берді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық офицердің Ресейде сал ауруына шалдыққан баланы құтқарып қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау