Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда немересін ерткен әжейді пойыз жолсерігі -40 градус аязда далаға тастап кетті

Омск-Қарағанды пойыз жолсерігі 40 градус аязда немересін ерткен әжейді далаға тастап кетті.

Жәбірленуші Диана Жүнісованың айтуынша, оқиға 23 қаңтар күні таңғы уақытта болған, деп хабарлайды newtimes.kz.

«Дәл осы күндері қатты аяз болды. Олар аязда тұрып қалған. Блиік өкілдері тұрғындарды көмектесуге шақырып жатса, біреулер керісінше далаға тастап кетіп жатыр. Енем мен қызым АҚШ елшілігінде болуы тиіс болған. Сондықтан алдымен Астанаға жетіп алмақ болды», – дейді келіні.

«Жолсерік Роза Мусралимова келіп билет тексергенде, анам билет пен жеке куәлігін, қызымның атына сенім хатты көрсеткен. Ал, туу туралы куәлігінің суреті телефонда бар екенін айтқан. Өте қажет болса, Астанадан күтіп алатындар түпнұсқасын әкеліп беретінін де ескерткен. Осы кезде жолсерік анама дауыс көтеріп, оған бала ұрлағандай ұрысқан. Егер ондай күдік туған болса, өзінен үлкен жолсерікті шақырып, не кезекші полицейді шақырып мән-жайы анықтау керек еді. Кейіннен анам мен қызымды пойыздан қуған», – дейді

«Онымен қоймай құжаттарды пойыздан далаға лақтырып жіберген. Анамның киімі мен сөмкесін алып, «Шық! Шық дедім саған!» деп айқайлаған. Қызым жылап қоя беріпті. Анама айқайлап, қызымды осылай шошытты», – дейді жәбірленуші.

«Құжаттары мен киімсіз қалатынын білген соң анам пойыздан шығуға мәжбүр болған. Дала -42 градус аяз. Анам мен қызымның аязда киініп жатқанын көрген өзге жолсерік оларды өз вагонына шақырған. Билеті мен орны бар екенін ескеріп, өзге орын тауып берген. Оған тек алғыс айтамыз», – дейді ол.

Диана жолсерікті сотқа беріп, тиісті жазасын алуын қалайды. 24 қаңтар күні жәбірленушілер Астанаға келіп арыз жазып кетті.

Тағы да оқыңыз:

Ауғанстанда қаза болған қазақ жігітінің туыстары алаяқтарға алданып қалды

Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар екені белгілі болды

Таразда жоғалған сарбаз: Біреулер хабарласып ұлымыздың қол-аяғын байлап ұстап отырғандарын айтты

Талқылау