Көкшетауда ер адам көлікті ішінде ұйықтап жатқан иесімен қоса ұрлап кеткен
Көкшетауда көлік ұрлау әрекеті назарға түсті. Мас ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан бөтен көлікті айдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны дәмханадан шыққаннан кейін мас күйде бөтеннің Changan CS75 Plus автокөлігінің рөліне отырған. Осы сәтте көліктің иесі алдыңғы жолаушылар орнында ұйықтап жатқан.
Күдікті көлікті небәрі 10 метр шамасында жүргізіп үлгерген. Осы кезде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны тоқтатқан.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның әрекеті "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иелену (көлік айдап кету)" бабы бойынша сараланып отыр.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"
