Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоқыс тастап, жерге түкірмейік": Аружан Жазылбекова алматылықтарды тазалыққа үндеді

Отандық актриса, продюсер Аружан Жазылбекова қазақстандықтарды Алматы қаласының гүлденуіне үлес қосуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/arujazz/

Киножұлдыз Алматыдағы ең жиі баратын орынын аралап, әсерін бөлісті.

“Мен Көк базарды жақсы көремін. Аптасына бір рет сонда баруға тырысамын. Жақын жерде тұрсам, күнде барар едім. Өзімнің құпия жерлерім бар. Мен ірімшікті үнемі бір жерден аламын. Екіншісінде үнемі ашытылған қырыққабат бар. Керемет қазы жасайтын салқын жер бар. Қысқасы, базардың жанкүйерімін”, – деп жазды актриса. 



Сондай-ақ ол әсем қаланы таза ұстап, көркейту сіз бен біздің қолда ғана екенін ескертті. 

“Маған қазір қалада болып жатқан оқиғалар қатты ұнайды. Көптеген қызық оқиғаға куә болып келемін. Алматыға қайта ғашық болғандаймын. Өзім кейінгі уақытта көп саяхаттадым. Көрген жерлерімнен алған әсерім керемет?! Бірақ Алматыға жетері жоқ. Ол –  жер бетіндегі ең жақсы жер. Жаз айларында сұмдық сұлу болады. Қаламызды көп адам көруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Қоқыс тастамайық, көшелерге түкіріп кетпейік. Әр тұрғын қалаға төнетін қауіп-қатердің алдын алуы керек. Қала экономикасының дамуы да ішкі мәдениетімізге байланысты”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, актриса отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтып, анасының талай таяқ жегенін жасырмаған еді. 

Талқылау