Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоқан-лоқы көрсетіп отырсыз": Бишімбаевтың адвокаты істі біржақты жүргізеді деп судьяға наразылық білдірді

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың кезекті сот отырысы жалғасып жатыр. Бишімбаевтың адвокаттары криминалистік сарапшының маңызын айта отырып, олардың өтініштерін қанағаттандырмаған судьяға наразылықтарын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тікелей эфирден скриншот

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Көлбаева істі біржақты жүргізіп жатқанын мәлімдеп, қарсылығын жеткізді.

"Сіз қорғау тарапын қорқытып, қоқан-лоқы көрсетіп отырсыз. Мен сізге қарсылық білдіруге мәжбүрмін. Өйткені сіз сот процесін біржақты жүргізіп жатырсыз. Нақты дәлелдеріміз болса да, қорғаушы тараптың өтінішін қанағаттандырмадыңыз, ал айыптаушы тараптың нақты дәлелденбеген өтініштерінің бәрін қабылдадыңыз. Мен сізге қарсылық білдіруге мәжбүрмін... Бұл әділетсіз сотқа әкеледі", – деді Ғазымжанов

Судья қарсылықты қабылдаған жоқ, десе де қарсылығы хаттамаға жазылатынын айтты. 

Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты судьяны істен шеттетуді талап еткен еді. Бірақ сот алқасы судьяны ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады. Кейін судьяны “сотсымақ” деп, бұл сөзі үшін ескерту алды. 

Бұған дейін айыпталушының адвокаттары ұсынған ресейлік сарапшылардың қорытындысы іске қосылмайтыны айтылды.

Талқылау