Көк-Төбеге барар жолдағы ағаштар кесіліп жатыр: Алматылықтар наразылық білдірді
Алматылықтар Көк-Төбеге шығатын жолда ағаштар кесіліп жатанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ағаштардың кесіліп жатқан видеосы пайда болды. Кадрлардан бірнеше адамның бульдозерге кесілген бөренелерді жинап жатқанын көруге болады. Әкімдік ағаштарды кесудің заңсыз екенін айтты.
"Көк-Төбеге барар жолда ағаштарды рұқсатсыз кесуі мүмкін, біз қызығушылық таныта бастағанда, көлік тез кетіп қалды", - деп жазды желідегілер.
"Үйіме апарып, от жағамын: Алматыда ер адам саябақтағы орындықтың ағаштарын ұрлаған
Алматы әкімдігі олардың ағаш кесуге рұқсат бермегенін айтты.
"Жасыл экономика бөліміне ағаш кесуге өтініш түскен жоқ, сәйкесінше рұқсат берілмеген", - деп хабарлады департамент.
Бұған дейін алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында ағаштардың кесілуіне наразы болған.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”