"Көк-Төбедегі" мұнараны басып алуға қатысудан бас тартқан алматылыққа екі рет оқ атқан - прокуратура
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде "Көк-Төбе" мұнарасын басып алуға қатысудан бас тартқан тұрғынға екі рет оқ атылған. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратураның хабарлауынша, 6 қаңтар күні қылмыскерлер телемұнараны басып алуды жоспарлап, бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға шақырған. Ал көнбеген алматылықтарға оқ атып, өмірлеріне қауіп төндірген.
"1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол ағымдағы жылдың 25 қаңтарында соттың санкциясымен қамауға алынды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды