AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Қоғам белсендісі әмеңгерлікке келіскен жалғызбасты әйелдерге мемлекеттен сыйақы беруді ұсынды

Қоғам белсендісі Төлен Рамазанұлы әмеңгерлікті заңдастырып, мемлекеттен жеңілдік жасауды ұсынды. Бұл қоғамда ажырасудың, жетімдікті болдырмаудың жолы деп санайды. 

"Әмеңгерлік – жетімді жылатпау, жетімдікті болдырмау, жою жолы. Ағайын-туыстары әмеңгер болуы керек. Себебі бала жаттың қолында өзін төмен ұстайтын болады. Өз ортасы, әкесінің ағасы, не інісі қамқор әке болса, бәрінен дұрысы сол. Сондай әмеңгерлікті үкімет қолдауы тиіс. Ұлт болып, бұл ұсынысты парламентке өткізу керек. 

Әмеңгерлік салтына мойынсұнған отбасыға мемлекеттік қолдау болса, мысалы, көп балалы отбасына баспанасы болмаса дереу баспана берілсе, ауылды жерде тұрса көлікке жеңілдік берілсе, қоғамда жетімдер қараусыз қалмас еді”, – деп жазды Төлен Рамазанұлы

Қоғам белсендісі, жесір қалған әйел мен оның балаларына мемлекеттен қолдау көрсетілгенін қалайды. 

“Егер қайын аға, қайынысы болмаса рулас қайындарымен бас қосса, үкімет қарайласуы тиіс.

Екінші жолы, балаларын өз жұртына яғни, қайын атасына, қайын ағасының отбасылары алып қалуға міндеттеліп, келіншекке бөтен біреуге тұрмысқа шығуға рұқсат берілуі мүмкін.

Үшінші жолы, жетім баланың келіншегі жесір қалса, ол келіншек тұрмысқа шықса, оған баспана берілсе. Ал ажырасу – үлкен мәселе. Ажырасуға тыйым салынған жөн", – деп есептейді Төлен Рамазанұлы. 

Оның бұл пікіріне көпшіліктің айтқан жауабы әртүрлі. Бірі қолдаса, бірі қарсы шықты. 

“Қазір бұрынғы заман емес. Әйел өз күнін өзі көре алады. Кіммен қосылғысы келетінін өзі шешеді. Әмеңгерлік деген өз еркінсіз күйеуге беру”, “Бұрын баланы өз бауырларынан алыстатпау үшін, әйелді жалғыз қалдырмау үшін алған. Жеңгесіне ғашық болғаннан үйленбеген. Жақсы жақтары бар”, “Кей әйел екінші рет күйеуге тигісі келмеуі де мүмкін, оған ешкім зорлық көрсете алмайды”, “Егер әйел мен азаматтың келісімі болса, онда жөн”, “Қазір  әмеңгерлік деген жоқ, ешкім жеңгесіне үйленгісі де келмейді, баласын асырағысыда келмейді”, – деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр