"Көбі баласының қауіпсіздігі үшін алаңдайды": Астанада лифт маңында іш киімін шешкен ер адам іздестіріліп жатыр (видео)
Астана қаласының Полиция департаменті көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде, дәлірек айтсақ, дәліздегі лифт маңында іш киімін шешкен ер адамға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іш киімін шешкен ер адамның видеосы әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне жүктеліп, астаналықтардың ашуына тиген еді. Видеоға пікір қалдырған адамдардың көбі бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алаңдап, бейнежазбадағы ер адамды қамау керек деген ойларын айтқан.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам ұсталса, заң аясында жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.
"Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар