ҚМДБ әйелін шәкіртіне “сыйға берген” уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады
Видеодан скрин
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әйелін шәкіртіне сыйлағанын айтқан уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМДБ Құрбанәлі Ахметтің діни басқармасының құрылымында қызмет етпейтінін, діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ екенін мәлімдеді.
“Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтынын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін өзін имам ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сұхбатта ол екінші әйелін шәкіртіне "сыйға бергенін" айтқан. Аталған мәлімдеме желіде қызу талқыланып, қоғам тарапынан сынға ұшырады. Тексеру нәтижесінде оның әрекеті заң талаптарына қайшы екені анықталып, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сұхбат авторы да құқықбұзушылық белгілері бар материал таратқаны үшін жауапқа тартылған.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.