"Клубтан шыққан кезімде ол менің қолымды басып қалды": Дана Есеева Мейіржанмен таныстығы жайлы
Блогер Дана Есеева Мейіржан Төребаевпен таныстығы туралы айтып берді. Айтуынша, жолдасы романтикалық жігіт емес.

Желідегі жазылушылар Instagram желісінде Данадан Мейіржанмен танысу тарихын айтып беруін өтінді.
"Мен клубтан кетіп бара жатыр едім, ол менің қолымды басып қалды", – деп жауап берді Есеева.
Бұл қандай жағдайда болуы мүмкін екенін және оған қалай әрекет еткенін түсіндірмеді.
Бірақ бес баланың анасы 2009 жылы түсірілген үйлену тойындағы суреттерін көрсетті. Төребаевтың бұл кезде арық, аңғал жігіт екені байқалады. Ал Дананың өзі ұзын шашты, аққұба қыз.
"Өте бақытты жұп", – деп блогер мысқылдап қойды.
"Уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың түрі ұқсап кетеді дейді. Ал Мержик екеуміз ұқсаймыз ба?" — деп сұрады ол.
"Сізді бір-біріңізсіз елестету қиын", "Сендер де ұқсайсыңдар", "Балаларың екеуіңе де ұқсайды екен" деп жазды жанкүйерлері.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"