Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі бала Мейіржаннан емес: Дана Есеева өзі туралы қандай әңгіме айтылатыны туралы

Көпшілікке танымал ерлі-зайыпты Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева туралы алып қашпа әңгіме көп. Ерлі-зайыпты ерекше әзілдері оқырмандарының көңілінен шығып жүр. Дана Есеева осы ретте өзі туралы артық әңгіме айтатындарға жауап берді. 

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды.

Дана Есеева көпшілік арасында өзі туралы көп өсек айтылатынын айтты. Блогер хейтерглерге мән бермеймін дейді. Алайда шектын шыып жатса, сотқа беруге дайын. 

“Мейіржанды менің екінші күйеуім деп айтады. Мейіржанның қазір тоқалы бар дейді. Менің екі баламды Мейіржаннан емес дейді. Осындай әңгіме көп айтылады. Менің таңғалатыным – оны қайдан шығарады? Бастапқыда мән беретінмін. Қазір етім үйреніп кетті. Қарамаймын да, оқымаймын да. Айтар адам айта берсін. Кейде жеке басыңа, балаларыңа ауыр сөздер айтатын кездер болады. Ондай адамды заңмен жазалау керек”, – деді Есеева. 

Дана Жезқазған өңірінің тумасы. Мейіржанның ауылы Зарафшанға келін болып түскен кезін күле еске алады. Зарафшан Өзбекстандағы елдімекен. 



“Зарафшанға келін болып түскенде басқа елге барғандай болдым. Мейіржан бәрі сендердегі секілді деген еді. Бірақ мүлде басқа болып шықты. Өте қазақи. Салтты ұстанады. Сәлем салуды үйретті. Біз жақта сәлем салуды тарихтан, кітаптардан, аңыз-әңгімелерден оқимыз. Сәлем салып үйрендім. Келін шай деген бар. Шай құйып берсең, кесеге ақша салады. Көп тиын жинағанмын. Сөйтсем ол теңгемен 200 теңге ғана екен. Мен үшін ұл бір мектеп болды. Өзім үшін де қызық болды. Жаңа орта, жаңа салт, басқаша өмір сүру салтын көрдім.”, – деді блогер. 

Дана ханым ене мен келін тақырыбынан айналып өткен жоқ. Айтуынша, ененің көңілінен шығу үшін керек кеңестерді тізіп берді. 

“Кей енелер бар. Балаларын қызғанады. Әйелімен шағыстырады. Келінін ұнатпайды. Арада көп ұрыс болады. Содан кейін ешкім енемен тұрғысы келмейді. Егер ене келінін қызындай көрсе, менің ұлымның таңдауы деп қараса, басқаша болар еді. Ұлым жақсы көрген қыз деп қарау керек. Ал келін енесіне сүйікті адамымның анасы деп қарау керек. Сонда бәрі басқаша болады. Егер әлдене үйретсе, оны үйренуге тырыссын. Бірнәрсе айтса, оны дұрыс қабылдасын. Ұрыс та болмайды, өзі де сабақ алады”, – дейді актриса. 

Талқылау