Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Есеева: Мейіржан менен басқа әйелге қарамайды

Блогер, акриса Дана Есеева өзі мен отбасы жайлы айтты. Айына табатын табысы мен шығыны туралы, отбасылық әзілдері жайлы баяндады.

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды.

Дана Есеева өзі жайлы артық әңгіме көп айтылатынын біледі. Тіпті өзіне жекеге шығып, Мейіржан туралы айтатындар көп дейді ол. Блогер өзі мен отбасы жайлы артық ауыз сөз айтатындарға мән бермейді. 

“Маған Мейіржан туралы көп өсек айтады. Мен олардың ешқайсысына сенбеймін. Қазір неше түрлі қыздар бар. Олар түрлі қулыққа барады. Егер адам ұнамаса, оны оқыма. Оны қарама. Мен өзім сөйтемін. Ал олар неше түрлі әңгіме айтып, жек көретінін жазып жатады. Бір оқырман балаларың жаман аурумен ауырып қалсын деп жазыпты. Ол шектен шығушылық. Ондай адамды сотқа беру керек”, – деді Дана.

Блогер желіден бөлек өзінің жеке кәсібі барын айтады. Мейіржанның өз жеке кәсібі бар. Ал ортақ желі арқылы оқырман жинайды. Жарнама жасайды. 



“Бізге көп жарнама түседі. Бірақ біз оның бәрін қабылдай бермейміз. Қабылдасақ оқырманның бәрі бізден қашады. Арасында өзімізге пайда болу үшін кей жарнаманы қабылдаймыз. Егер айына 10-20 миллион теңге тапсам, соның 10-20 пайызының жеке өзіме жұмсауым мүмкін. Ақша жұмсалу үшін керек. Оны нақты жинау керек деген мақсатымыз жоқ”, – деді ол. 

Айтуынша, балаларына жақсы білім беруге, жақсы жерде оқытуға тырысады. 

“Балаларымыздың жағдайын жасауға тырасамыз. Жақсы тәрбие беруге, білім беруге тырысамыз. Арнайы көлік алып берейік, үй алып берейік деп ойламаймыз. Балық берме, қармақ бер дегендей ғой. Мен Мейіржанға сенемін. Оның артық әрекетке бармайтынына сенемін. Оның менен басқаға қарамайтынын білемін. Себебі, мен екі-үш есе жақсымын. Өзіме сенімдімін. Әрине, қызғанамын. Ол да қызғанады. Бірақ шектен шықпаймыз”, – деді блогер. 

Есеева әйелге қол көтеретін ер азамттан кету керек деп есептейді. 

“Әйелін, балаларын ұратын әлсіз азаматтардан кету керек. Әйел өмірге бақытты болу үшін келеді. Оларды қорлау үшін емес. Сондықтан әйел өзін бағалай білу керек. Күйеуімен өмір бойы тұруы мүмкін. Бірақ бақытсыз болуы  мүмкін”, – деді ол. 

Талқылау