Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде "Қазақтелеком" филиалдарының бірінде клиентті скотчпен күштеп байлап тастағандардың видеосы таралды

Әлеуметтік желіде Қазақтелекомның Алматыдағы филиалдарының бірінде клиентті скотчпен байлаған сәт түсірілген видео тарады. Бейнежазба авторының айтуынша үш сағат бойы кезекте тұрған келуші ашу-ызасын балағат сөздермен білдіре бастаған. Сосын оны күзетші мен кезекте тұрған зейнеткер желімді лентамен байлап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Аталған шулы оқиғаға қатысты "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы өз пікірін білдірді. 

"Оқиға 4 қазанда компанияның Шаляпина/Береговойдағы сервистік желі пунктінде болды. Азамат С., куәгерлердің айтуы бойынша, мас күйінде кеңсеге барған кезден бастап өзін дұрыс ұстамаған. Клиенттер мен қызметкерлерге қатысты әдепсіз сөздер айтып, келушілерге, соның ішінде балаларға қауіп төндірген. Ер адам күзетшінің ауызша ескертулеріне жауап бермей, жөнсіз мінез-құлқымен жанжалды өршітті. Клиенттер мен тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін полиция келгенге дейін оның заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін мәжбүрлі шаралар қолданылды. Бұл процеске өз өмірі мен денсаулығы үшін қауіптенген клиенттер де қатысты.

Компания оқиға кезінде ғимаратта болған қызмет көрсету бөлімінің барлық тұтынушыларынан жағдай үшін кешірім сұрайды. Қызметтердің жоғары сапасы, қызмет көрсету және тұтынушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. "Қазақтелеком" заңгерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жақын арада қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруі тиіс. Компания қауіпсіздік шараларын да күшейтпек", - делінген хабарламада. 

 

Талқылау