Қызметінен қуылуы мүмкін: Шымкенттік мемлекеттік қызметкерлер букмекерлерге 400 миллион теңге ұтылған

Фото: championat.com
Шымкентте құмар ойынға құнығып, бәс тіккен 50 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылуы мүмкін. Олар бір жылда букмекерлік кеңсеге 400 миллион теңге ұтылған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қисапсыз қаржының құмар ойынға кетіп жатқанын Шымкент прокуратурасы анықтады. Олар арнайы талдау кезінде лудомания дертіне шалдыққан мемлекеттік қызметкерлердің тізімін жасапты. Заң бойынша олардың бәс тігіп казиноға баруына тыйым салынған. Сондықтан қызметте болса да құмарын жеңе алмай жүргендер шетінен жылы орнымен қоштасады.
“Талдау нәтижесі бойынша, жергілікті атқарушы органға қадағалау актісі енгізіліп қаралып жатыр. Өзгерістер енгізілген заң талаптарына сәйкес, ол жерде қызметкермен еңбек шартын бұзу тәртібі қарастырылған”, – деді Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Бекжан Құлатаев.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”