Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімі: Жаңа мәліметтер белгілі болды

Қызылорда облысындағы мұнай компаниясының екі қызметкерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада мұнай компаниясының екі жүргізушісі түсініксіз жағдайда көз жұмған. Өлімнің алдын ала себебі - белгісіз заттан улану.

Тағы бір ер адам зардап шеккен. Ол көпсалалы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ресми мәлімет бойынша, 40 жастағы ер адам 2023 жылдың 3 ақпанында емханаға ауыр халде түскен. 

"Науқас келген сәттен бастап біз қарқынды терапия жүргізіп жатырмыз. Емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы жақсаруда", – дейді Қызылорда облысындағы көпсалалы аурухана дәрігерлері.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізілуде", – деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.

Талқылау