Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызының психикалық ауытқуы болған: Алматыда айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйел туралы тың деректер пайда болды

24 маусымда Алматыдағы Горький саябағында айналмалы дөңгелектен секіріп көз жұмған әйел туралы деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cmn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: cmn.kz

Тергеушілердің айтуынша, әйел секірмес бұрын ерекше қажеттілігі бар қызын өлтірген. 

Алматы полиция департаменті “Өз-өзіне қол жұмсау” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Кейін Алматы облысының полицейлері алты жасар қыздың денесін тапқаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, 40 жастағы Юлия өз үйінде қызды арқанмен тұншықтырып өлтірген. Қылмыс сағат 10:00-де болған.

Отбасы Өтеген батыр ауылында тұрған. Қыздың психикалық ауытқуы болса керек.

Бала мерт болғаннан кейін екі сағаттан соң әйел өз-өзіне қол салды. 

Іле аудандық білім бөлімі отбасы есепте тұрмағанын айтады. 

"Отбасында балаларды зорлық-зомбылық көрсету туралы ешқандай белгі болған жоқ. Әдетте ата-анасы бөлек тұратын отбасылар туралы білеміз", – деді басшы Іле аудандық білім бөлімінің секторының меңгерушісі Махаббат Бишанғалиева.

Ауыл әкімі 5 жасар қыздың Даун синдромы болғанын растады. Күйеуі IT маманы болып жұмыс істеген дейді. Көршілері отбасыдан оғаш қылықтар байқамаған.

"2018 жылғы қыз әлі мектепке бармаған, ол Алматының Түрксіб ауданындағы жекеменшік мектепалды даярлық тобына баратын”, – деп мәлімдеді білім бөлімі.

Әйелдің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын зерттей келе, қыздың әкесі Максим О екенін білуге болады.

41 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсамас бұрын Алматыда тұратын әпкесіне келіп, баласын өлтіргенін мойындаған. Содан кейін ол пәтерден жүгіріп шығып, саябаққа қарай бет алды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйелдің айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік. Кейін ол өзіне қол салмас бұрын қызын тұншықтырып тастағаны белгілі болды. 

Талқылау