Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыңды жеті жыл ойыншық етсе көрер едім": Бибігүл Дәулетбекқызы Жанқош Тұраровтың әйелін сынады

Танымал БАҚ өкілі Бибігүл Дәулетбекқызы қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйелін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Қоғам белсендісі жәбірленуші қызды мысқылдап отырған блогер келіншекке шүйлікті. Сондай-ақ танымал адамдардың өміріне қызықпауға үндеді. 

“Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер едім қызын осындай біреу жеті жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!", – деп ашуланды журналист.



Айта кетейік, Жанқош Тұраровтың блогер әйелі мәлімдеме жасап, өсек сөзге мән бермеуге үндеген еді. 

“Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Жан-жақтан хабарласып жатыр. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?", – деген еді Клара Иса. 

Бұған дейін қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты дауға нүкте қойып, ешқандай жақын қарым-қатынаста болмағанын жазған едік. 

Талқылау