Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыма дөрекілік танытты": Астаналық тұрғын мектеп мұғалімі қызын итеріп, айқайлағанын айтты (видео)

Астанада № 27 мектеп-лицейдегі екінші сынып оқушысының ата-анасы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сегіз жасар қызын итеріп, оған айқайлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектепТүсірілімнен скриншот

Мектептегі бақылау камерасының бейнесі әлеуметтік желіде тарады.

"Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызыма қатыгездік танытты, бірақ полицияға жүгінген кезде олар іс қозғаудан бас тартты. Біз білім басқармасы мен мектепке жүгіндік. Одан бәрі қорқа ма, әлде біреудің туысы ма, осындай жағдай бірнеше рет қайталанса да, іс жылы жабылады", – деді әйел.

28 қаңтар күні Астана полиция департаментінде жағдай туралы түсініктеме берілді.

"Биыл 24 қаңтар сағат 17.22-де  елорда тұрғыны қалалық мектептердің бірінің дене шынықтыру мұғалімі оның сегіз жасар қызын итеріп, айқайлағанын хабарлады. Бұл факт бойынша тексеріс жүргізіледі. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша педагогке қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Талқылау