Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды
Қызылорда қаласына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке осыған дейін Қызылорда облысы аудандарының бірінің әкімі болған 61 жастағы Ғанибек Қазантаев келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Ғанибек Қонысбекұлы Қазантаев, 1960 жылы туған, Қызылорда облысының тумасы. Ол ұзақ жылдар бойы облыстың мұнай саласында жұмыс істеді. 2013 жылдың басынан 2019 жылдың тамызына дейін ол облыстың Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ғанибек Қазантаев 2000 жылы Қызылорда облысы әкімінің құрмет грамотасымен, 2002 жылы облыстық мәслихаттың құрмет грамотасымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Ол сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл", "Қазақстандағы мұнайға 100 жыл", "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медальдарының және "Құрмет" орденінің иегері.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Қызылорда қаласының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сегіз жыл жұмыс істеп, қызметінен кеткен болатын. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол қызметінен кетті.