Қызылордадағы су қоймасында балықтардың қырылуы: Тексеріс нәтижелері жарияланды
"Қазгидромет" РМК мамандары Қызылорда облысы аумағындағы Қаратабан су қоймасында балықтардың қырылуына байланысты жүргізілген тексерістің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының кешенді зертханасының мамандары "Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ-мен бірлесіп Қаратабан су айдынындағы 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамасын алып, талдағаны хабарланды.
Талдау нәтижесінде су айдынында оттегі тапшылығы (1,22 -1,41 мг/дм3) байқалды.
"Осы арқылы басты иондарды, биогендік, органикалық және бейорганикалық заттарды, ауыр металдарды талдау нәтижелері бойынша нормадан асып кету анықталмағанын хабарлаймыз", - деді "Қазгидрометте".
Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысындағы көлде балықтардың қырылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті